Nokia 1110i - Қауіпсіздік талаптары

background image

Қауіпсіздік талаптары

Қауіпсіздік талаптары

Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Оларды

орындамау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін.

Қосымша ақпарат алу үшін пайдалану жөніндегі

нұсқаулықты толық оқып шығыңыз.

ТЕЛЕФОНДЫ ҚАУІПСІЗ ЖОЛМЕН ҚОСЫҢЫЗ

Сымсыз телефонды пайдалануға тыйым

салынған кезде немесе ол кедергі келтіруі, не

болмаса қауіп төндіруі мүмкін болған кезде

телефонды қоспаңыз.

АЛДЫМЕН ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ

Барлық жергілікті заңдардың талаптарын

сақтаңыз. Көлік жүргізу кезінде оны басқару

үшін қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу

кезінде алдымен жол жүру қауіпсіздігі туралы

ойлаңыз.

КЕДЕРГІ

Барлық сымсыз телефондар кедергіге сезімтал

болуы мүмкін. Ол телефонның жұмысына әсер

етуі мүмкін.

background image



Қауіпсіздік талаптары

АУРУХАНАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ

СӨНДІРІҢІЗ

Кез келген шектеулерді сақтаңыз.

Медициналық жабдықтың жанында телефонды

сөндіріңіз.

ҰШАҚТЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ

Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Сымсыз

құрылғылар ұшақтың ішінде кедергі тудыруы

мүмкін.

КӨЛІККЕ МАЙ ҚҰЮ КЕЗІНДЕ СӨНДІРІҢІЗ

Телефонды май құю стансасында

пайдаланбаңыз. Жанармай немесе химиялық

заттардың жанында пайдаланбаңыз.

ЖАРЫЛЫСҚА ЖАҚЫН ЖЕРДЕ СӨНДІРІҢІЗ

Кез келген шектеулерді орындаңыз.

Телефонды жарылыс жұмыстары жүріп

жатқан жерде пайдаланбаңыз.

ТЕЛЕФОНДЫ ОРНЫМЕН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Өнімнің құжаттамасында түсіндірілгендей тек

қалыпты жағдайда ғана ұстап пайдаланыңыз.

Антеннаға қажетсіз тие бермеңіз.

background image

9

Қауіпсіздік талаптары

БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Бұл бұйымды тек білікті қызметкер орнатуы

немесе жөндеуі тиіс.

ЖАСАУЛАР МЕН АККУМУЛЯТОРЛАР

Тек қана рұқсат етілген жасаулар мен

аккумуляторларды пайдаланыңыз. Үйлесімсіз

өнімдерді қоспаңыз.

СУҒА ТӨЗІМСІЗДІК

Сіздің телефоныңыз суға төзімсіз. Оны құрғақ

күйінде ұстаңыз.

ҚОСАЛҚЫ КӨШІРМЕЛЕР

Телефоныңызда сақтаулы барлық маңызды

ақпараттың қосалқы көшірмесін жасап

алуды немесе жазбаша нұсқасын сақтауды

ұмытпаңыз.

БАСҚА ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ҚОСУ

Кез келген басқа құрылғыға қосқан кезде

қауіпсіздік туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар

алу үшін бұйымның пайдалану жөніндегі

нұсқаулығын оқыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді

қоспаңыз.

background image

10

Қауіпсіздік талаптары

ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТЕЛЕФОН ШАЛУ

Телефонның қосулы болуын және жұмыс істеп

тұруын қамтамасыз етіңіз. Дисплейді тазалап,

жұмысты бастау экранына оралу үшін аяқтау

түймесін қажетінше қайталап баса беріңіз.

Жедел қызмет нөмірін енгізіп, шақыру түймесін

басыңыз. Қайда тұрғаныңызды хабарлаңыз.

Рұқсат берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.

Қурылғыңыз туралы

Осы нұсқаулықта сипатталған сымсыз құрылғы

EGSM 900 және GSM 1800 желілерінде пайдалану үшін

мақұлданған. Желілер туралы қосымша ақпарат алу

үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Осы құрылғының мүмкіндіктерін пайдаланған кезде

барлық заңдарға бағынып, басқалардың жеке

өміріне қол сұқпауға қатысты және заңды құқықтарын

сыйлаңыз.

Ескеру: Ескерту: Осы құрылғыдағы қоңыраулы

сағаттан басқа қандай да бір мүмкіндіктерді

пайдалану үшін құрылғы қосулы болуға тиіс.

Сымсыз құрылғыны пайдалану кедергі келтіруі

background image

11

Қауіпсіздік талаптары

немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде телефонды

қоспаңыз.

Желі қызметтері

Телефонды пайдалану үшін сізде сымсыз байланыс

қызметін ұсынушының қызметі болуға тиіс. Осы

құрылғыдағы мүмкіндіктердің көпшілігінің жұмыс істеуі

сымсыз желідегі ерекшеліктерге байланысты. Аталмыш

желі қызметтері желілердің барлығында бола бермеуі

мүмкін немесе сіз желі қызметтерін пайдаланбастан

бұрын қызмет ұсынушыңызбен арнайы келісім

жасауыңыз керек болуы мүмкін. Қызмет ұсынушыңыз

сізге оны пайдалану туралы қосымша нұсқаулар беріп,

қандай тариф қолданылатынын түсіндіруі керек болуы

мүмкін. Кейбір желілерде сіз желі қызметтерін қалай

пайдалана алатыныңызға ықпалын тигізетін шектеулер

болуы мүмкін. Мысалы, кейбір желілерде барлық

тілдерге тән таңбалар мен қызметтер бола бермеуі

мүмкін.
Қызмет ұсынушыңыз құрылғыңыздағы кейбір

мүмкіндіктердің пайдаланудан шығарылуын немесе

іске қосылмауын талап етуі мүмкін. Ондай жағдайда

олар құрылғының мәзірінде көрсетілмейді. Құрылғыңыз

background image

12

Қауіпсіздік талаптары

сондай-ақ арнайы конфигурацияланған болуы мүмкін.

Бұл конфигурацияның ішіне мәзір атауларының, мәзір

тәртібінің және белгішелердің өзгерістері кіруі мүмкін.

Қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға

хабарласыңыз.

Зарядтағыштар мен жасаулар

Аккумуляторды шығарып алар алдында әрдайым

құрылғыны сөндіріп, зарядтағышты ажыратып алыңыз.
Осы құрылғымен бірге қолданар алдында кез

келген зарядтағыштың моделінің нөмірін тексеріп

алыңыз. Бұл ќұрылѓы AC-2, ACP-7 немесе АСР-12

зарядтаѓыштарынан ќорек алѓан кезде пайдалануѓа

арналѓан.

Ескеру: Тек Nokia осы құрылғымен

пайдалануға рұқсат берген аккумуляторларды,

зарядтағыштарды және жасауларды ғана

пайдаланыңыз. Кез келген басқа түрлерді

пайдалану кез келген рұқсатты немесе кепілдікті

күшінен айыруы және қауіпті болуы мүмкін.

Рұқсат етілген жасаулардың бар-жоғын білу үшін

дилерден сұрап біліңіз.

background image

13