Nokia 1110i - Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

background image

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

Қауіпсіздік туралы қосымша

ақпарат

Құрылғыда немесе оның жасауларында ұсақ бөлшектер

болуы мүмкін. Оларды балалардың қолы жетпейтін

жерде сақтаңыз.

Жұмыс істеу ортасы

Кез келген аймақта қолданылатын кез келген арнайы

ережелердің талаптарын орындаңыз және құрылғыны

пайдалануға тыйым салынған кезде, не болмаса ол

кедергі келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған

кезде оны әрдайым сөндіріңіз. Құрылғыны қалыпты

жұмыс істеу күйінде пайдаланыңыз. Бұл құрылғы не

құлаққа қатысты қалыпты пайдалану жағдайында

пайдаланылған, не денеден кемінде 1,5 сантиметр

(0,6 дюйм) алшақ тұрған кезде радиожиілік әсері туралы

нұсқауларға сай болады. Тасып жүрген кезде жұмыс

істету үшін тасымалы сөмке, белдікке қыстырғыш

немесе ұстағыш пайдаланылған кезде, оның құрамында

металл болмауы тиіс және құрылғыны денеңізден

жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстауға тиіс.

background image

54

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

Дерек файлдары мен хабарламалар алмасуы үшін

құрылғы желіге қосылу сапасының жақсы болуын қажет

етеді. Кейбір жағдайларда дерек файлдары немесе

хабарламалары мұндай қосылу пайда болғанша кешігуі

мүмкін. Деректер алмасуы аяқталғанға дейін жоғарыда

аталған арақашықтық нұсқауларының орындалуын

қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының бөлшектері магнитті болып табылады.

Металл заттар құрылғыға тартылуы мүмкін. Кредит

карточкаларын немесе басқа да магнитті сақтау

құралдарын құрылғының жанына қоймаңыз, өйткені

оларда сақтаулы ақпарат өшіріліп қалуы мүмкін.

Медициналық құрылғылар

Кез келген радио таратушы жабдықтың, соның ішінде

сымсыз телефондардың жұмысы тиісті шамада

қорғалмаған медициналық құрылғылардың жұмысына

кедергі келтіруі мүмкін. Медициналық құрылғы сыртқы

радиожиілік энергиясынан тиісті шамада қорғалғандығы

туралы немесе сізде қандай да бір сұрақ бар болса,

терапевт дәрігермен немесе құрылғының өндірушісімен

кеңесіңіз. Егер денсаулық сақтау мекемелерінде ілініп

қойған ережелер бойынша осылай істеуге нұсқау

background image

55

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

берілген болса, бұл жерлерде құрылғыны сөндіріп

қойыңыз. Ауруханаларда немесе денсаулық сақтау

мекмелерінде сыртқы радиожиілік энергиясына

сезімтал жабдық пайдаланылуы мүмкін.

Кардиостимуляторлар

Кардиостимулятор өндірушілері кардиостимулятордың

кедергісі туындау мүмкіндігінен аман болу үшін сымсыз

телефон мен кардиостимулятордың арасында кемінде

15,3 см (6 дюйм) арақашықтық сақталуын ұсынады.

Бұл ұсыныстар сымсыз технологияларды зерттеу

институты жүргізген тәуелсіз зерттеулерге және оның

ұсыныстарына сай. Кардиостимуляторлары бар кісілер:

Әрдайым телефонды кардиостимулятордан 15,3 см

(6 дюйм) қашықтықта ұстағандары;
Телефонды төс қалтаға салып жүрмегендері
Кедергі әлеуетін азайту үшін телефонды

кардиостимуляторға қарама-қарсы құлағына

ұстағандары жөн.

Егер кедергіден сезіктенсеңіз, құрылғыны сөндіріп,

басқа жаққа әкетіңіз.


background image

56

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

Есту құралдары

Кейбір цифрлы сымсыз құрылғылар кейбір есту

құралдарына кедергі келтіруі мүмкін. Егер кедергі пайда

болса, қызмет ұсынуға хабарласыңыз.

Көлік құралдары

Радио сигналдары моторлы көліктердегі дұрыс

орнатылмаған немесе тиісті шамада қорғалмаған

электрондық жанармай бүрку жүйелері, бұғатталуға

қарсы тежеу жүйелері, электронды жылдамдық реттеу

жүйелері, пневматикалық жастықша жүйелері сияқты

электронды жүйелерге әсер етуі мүмкін. Қосымша

ақпаратты үшін кез келген жабдықтың өндірушісінен

немесе оның өкілінен тексеріп біліңіз.
Құрылғыға тек білікті қызметкерлер қызмет көрсетуі

немесе оны көлікке орнатуы тиіс. Ақаумен орнату

немесе қызмет көрсету қауіпті болуы және құрылғыға

қолданылуы мүмкін кез келген кепілдікті күшінен

айыруы мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз жабдық

дұрыс орнатылып, жұмыс істеуін тұрақты түрде тексеріп

тұрыңыз. Құрылғы, оның бөлшектері немесе жасаулары

сақталған бөлімдерге жанғыш сұйықтықтар, газдар

немесе жарылғыш заттарды сақтап, тасымалдаушы

background image

57

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

болмаңыз. Пневматикалық жастықшамен жабдықталған

көліктерде пневматикалық жастықшалар үлкен

күшпен үрленіп толатынын есте сақтаңыз. Заттарды,

соның ішінде орнатылған немесе тасымалы сымсыз

жабдықты пневматикалық жастықшадан жоғары

жерге немесе пневматикалық жастықша орналасатын

жерге қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі сымсыз жабдық

дұрыс орнатылмаған болса, пневматикалық жастықша

үрленген кезде ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Ұшақпен ұшып бара жатқан кезде құрылғыны

пайдалануға тыйым салынады. Ұшаққа мінер

алдында құрылғыны сөндіріңіз. Ұшақтың ішінде

телеқұрылғыларды пайдалану ұшақтың жұмысына қауіп

төндіріп, сымсыз телефон желісін үзуі және заңсыз

болуы мүмкін.

Жарылу қаупі бар орталар

Кез келген жарылу мүмкіндігі бар атмосфералы

аймақта құрылғыны сөндіріп, барлық белгілер мен

нұсқауларды сақтаңыз. Жарылу мүмкіндігі бар

орталарға әдетте сіз көлік моторын сөндіруге кеңес

берілетін аймақтар жатады. Мұндай аймақта ұшқынның

пайда болуы дене жарақатына немесе тіпті өлімге

background image

5

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себепші болуы

мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету стансаларындағы

бензин сорғыларының маңайы сияқты жанармай құю

орындарында сөндіріңіз. Отын қоймалары, оларды

сақтау және тарату орындары, химиялық зауыттар

немесе жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан

аймақтардағы радио жабдығын пайдалану туралы

шектеулерді сақтаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы

аймақтар жиі таңбаланады. Бұл аймақтарға кеме

палубалары, химиялық заттарды тасымалдау немесе

сақтау құрылыстары, сұйылтылған мұнай газымен

(пропан немесе бутан сияқты) жүретін көлік құралдары

және ауасының құрамында химиялық заттар немесе

түйіршік, шаң немесе металл тозаңдары сияқты

бөлшектер бар аймақтар жатады.

Жедел қызметіне қоңыраулар

Маңызды: Сымсыз телефондар, соның

ішінде осы құрылғы радиосигналдарды,

сымсыз желіні, жер үсті байланыс желісін

және пайдаланушымен бағдарланатын

функцияларды пайдалана отырып қызмет

етеді. Осыған байланысты барлық жағдайларда

background image

59

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

байланыс орнатылатынына кепілдік беру мүмкін

емес. Жедел медициналық жәрдем сияқты маңызды

байланыстар үшін еш уақытта кез келген сымсыз

құрылғыға сенім арта бермегеніңіз жөн.

Жедел телефон шалу үшін:

Қурылғы қосулы болмаса оны қосыңыз. Тиісті сигнал

қарқындылығын тексеріңіз.

Кейбір желілер құрылғыға жарамды SIM картасы

тиісті түрде салынуын талап етуі мүмкін.
Дисплейді тазалап, жұмысты бастау экранына оралу

үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап баса

беріңіз.
Өзіңіз тұрған жердегі ресми жедел қызмет нөмірін

енгізіңіз. Жедел қызмет нөмірлері әр жерде әр түрлі

болуы мүмкін.
Шақыру түймесін басыңыз.

Егер кейбір мүмкіндіктер қосулы болса, онда жедел

қызметке телефон шалар алдында сол мүмкіндіктерді

сөндіруіңіз қажет болуы мүмкін. Қосымша ақпарат

алу үшін осы нұсқаулыққа немесе қызмет ұсынушыға

жүгініңіз.

1.

2.

3.

4.

background image

60

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

Жедел қызметпен байланыс кезінде барлық қажетті

ақпаратты мүмкіндігінше дәл беріңіз. Оқиға болған

жерде сымсыз телефоныңыз бірден-бір байланыс

құралы болуы мүмкін. Рұқсат берілмейінше,

байланысты аяқтамаңыз.

Сертификаттау туралы ақпарат (SAR)

БҰЛ ҚУРЫЛҒЫ РАДИО ТОЛҚЫНДАРЫНЫҢ ӘСЕРІ

ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ

ТАЛАПТАРЫНА СӘЙ.
Сіздің құрылғыңыз радио сигналдарын жіберіп,

қабылдайды. Ол халықаралық ережелерде (ICNIRP)

ұсынылған радио толқындарның әсерінің шектерінен

аспайтын етіп жобаланған. Бұл ережелер тәуелсіз

ғылыми ұйымдар ICNIRP арқылы өнделген және

жасына және денсаулық жағдайына қарамастан барлық

адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған

елеулі сенімділік қорын қамтиды.
Тасымалы құрылғылар үшін әсер ету нормативі

ретінде меншікті сәулелену коэффициенті немесе МСК

деп аталатын өлшем бірлігі қолданылады. ICNIRP

ережелериде көрсетілген МСК шегі дене тінінің 10

background image

61

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

грамы бойынша орташаланған 2,0 ватт/килограмды

(Вт/кг)* құрайды. МСК сынақтары барлық тексерілген

жиілік ауқымдарында құрылғының ең жоғарғы рұқсат

етілген қуат деңгейімен ол сигнал жіберіп жатқан кезде

стандартты жұмыс істету жағдайларының көмегімен

жүргізіледі. Құрылғы тек желіге жетуге қажетті қуатты

ғана тұтынатындықтан, жұмыс істеп тұрған құрылғының

нақты МСК деңгейі ең жоғарғы мәннен төмен болуы

мүмкін. Бұл мөлшер сіздің желі негізгі стансасына

қаншалықты жақын тұрғаныңыз сияқты бірнеше

факторларға байланысты өзгеріп отырады. Өнімді

құлаққа қойып сынау арқылы сертификаттау кезіндегі

ICNIRP ережелері бойынша берілген ең жоғарғы МСК

мәні 0,78 Вт/кг құрайды.
Құрылғының керек-жарақтары мен жасаулары

пайдаланылған кезде МСК мәндері әр түрлі болуы

мүмкін. МСК мәндері мемлекеттік деректер жіберу

және сынақтар жүргізу талаптары мен желінің жиілік

ауқымына қарай әр түрлі болуы мүмкін. МСК туралы

қосымша ақпарат www.nokia.com сайтындағы өнім

туралы ақпарат бөлімінен алуға болады.