Nokia 1110i - Зарядтау және разрядтау.

background image

Зарядтау және разрядтау.

Құрылғыңыз қайта зарядталатын аккумулятордан қуат

алады. Жаңа батареяның толық өнімділігіне екі немесе

үш рет толық зарядтау-разрядтау циклінен кейін қол

жеткізіледі. Аккумуляторды жүздеген рет зарядтап,

разрядтауға болады, бірақ ол ақырында тозады.

Сөйлесу және күту режимдері әдеттегіден едәуір қысқа

болған кезде аккумуляторды ауыстырыңыз. Тек Nokia

рұқсат берген аккумуляторларды пайдаланыңыз және

аккумуляторды тек Nokia рұқсат берген осы құрылғыға

арналған зарядтағыштармен зарядтаңыз.
Ауыстырылмалы аккумулятор бірінші рет

пайдаланылған немесе аккумулятор ұзақ уақыт

бойы пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін

алдымен зарядтағышты жалғап, содан ажыратып,

қайтадан жалғау қажет болуы мүмкін.

background image

43

Аккумулятор туралы ақпарат

Пайдаланылмаған кезде зарядтағышты электр

розеткасы мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық

зарядталған аккумуляторды зарядтағышқа қосылған

күйінде қалдырмаңыз, өйткені шамадан тыс зарядтау

оның қызмет ету мерзімін азайтып жіберуі мүмкін.

Егер пайдаланусыз қалатын болса, толық зарядталған

аккумулятор уақыт өте келе өзінің зарядын жоғалтады.
Егер аккумулятордың заряды толығымен босаған

болса, дисплейдегі зарядтау көрсеткіші жанғанша,

не болмаса қандай да бір қоңыраулар шалу мүмкін

болғанша бірнеше минут керек болуы мүмкін.
Аккумуляторды тек өзінің арнаулы мақсаты бойынша

пайдаланыңыз. Еш уақытта зақымданған зарядтағышты

немесе аккумуляторды пайдаланбаңыз.
Аккумуляторды қысқаша тұйықтамаңыз. Кездейсоқ

қысқаша тұйықталу теңге, қағаз қыстырғыш немесе

қалам сияқты металл зат аккумулятордың оң (+)

және теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған

кезде орын алуы мүмкін. (Полюстер аккумулятордың

үстіндегі металл жолақшаларға ұқсайды.) Бұл,

мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда қосалқы

аккумулятор алып жүрген кезде орын алуы мүмкін.

background image

44

Аккумулятор туралы ақпарат

Полюстерді қысқаша тұйықтау аккумуляторды немесе

байланыстырғыш затты зақымдауы мүмкін.
Аккумуляторды жазғы немесе қысқы кездердегі жабық

машина сияқты ыстық немесе суық жерде қалдыру

аккумулятордың қуаты мен қызмет ету мерзімін

азайтады. Аккумуляторды әрдайым 15°C пен 25°C

(59°F пен 77°F) аралығындағы температурада сақтауға

тырысыңыз. Ыстық немесе суық аккумулятор салынған

құрылғы тіпті аккумулятор толық зарядталғанның

өзінде уақытша жұмыс істей алмауы мүмкін.

Аккумулятордың өнімділігі әсіресе қату нүктесінен

төмен температураларда шектеледі.
Аккумуляторларды отқа тастамаңыз, өйткені

олар жарылуы мүмкін. Аккумуляторлар сонымен

қатар жарылған жағдайда да жарылуы мүмкін.

Аккумуляторларды жергілікті ережелерге сәйкес

пайдаға асырыңыз. Мүмкін болған кезде қайта

пайдаланыңыз. Тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз.

background image

45