Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар
Nokia аккумуляторларының
шынайылығын растау жөніндегі
нұсқаулар
Қауіпсіздік мақсатында әрқашан Nokia корпорациясы
өзі шығарған аккумуляторларды пайдаланыңыз. Nokia
фирмалық аккумуляторын алғаныңызды тексеру үшін
оны nokia уәкілетті дилерінен сатып алыңыз, орамынан
«nokia original enhancements» (nokia фирмалық
жасаулары) логотипін іздеңіз және голограммалы
этикеткасын келесі қадамдарды орындай отырып
тексеріңіз:
Төрт қадамның сәтті орындалуы аккумулятордың
шынайылығының толық куәландырылғандығын
көрсетпейді. Аккумуляторыңыз Nokia өзіндік
аккумуляторы емес деп есептеуіңізге қандай да бір
негіз болса, оны пайдаланудан бас тартқаныңыз және
ең жақын орналасқан Nokia уәкілетті қызмет көрсету
орнына немесе дилеріне апарып, көмек сұрағаныңыз
жөн. Nokia уәкілетті қызмет көрсету орны немесе
дилері аккумулятордың шынайылығын тексеріп береді.
Егер шынайылығын куәландыру мүмкін болмаса,
аккумуляторды сатып алған жеріңізге қайтарып беріңіз.
■
46
Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар
Голограмманың шынайылығын растау
Этикеткадағы голограмманы
тексерген кезде оның бір
бұрышынан қарағанда Nokia
корпорациясының қол алысу
белгісін, ал екінші бұрышынан
қарағанда «Nokia Original
Enhancements» логотипін
көруге тиіссіз.
Сіз голограмманы солға, оңға,
төмен және жоғары қисайтқан
кезде әрбір бұрышынан
сәйкесінше 1, 2, 3 және 4 нүкте
көруге тиіссіз.
20 санды кодты, мысалы
12345678919876543210, ашу
үшін этикетканың жанын
тырнаңыз. Аккумулятордың
санды жағын жоғары қаратыңыз.
20 санды код үстіңгі қатардағы
саннан бастап төменгі қатардағы
санға қарай оқылады.
1.
2.
3.
47
Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар
20 санды кодтың
жарамдылығын
www.nokia.com/batterycheck
сайт бетіндегі нұсқауларды
орындай отырып растаңыз.
Мәтінді хабарлама құру үшін 20 санды кодты, мысалы,
12345678919876543210, енгізіп, +44 7786 200276
нөміріне жіберіңіз.
Жергілікті және халықаралық операторлар
қызметтерінің ақылары алынады.
Кодтың шынайылығын растау мүмкін немесе мүмкін
емес екендігі туралы хабарлама алуға тиіссіз.
Аккумулятор шынайы болмаса не істеу керек?
Егер сіз этикеткасында голограммасы бар Nokia
аккумуляторының шынайылығын растай алмасаңыз,
аккумуляторды пайдаланбай-ақ қойыңыз. Оны ең жақын
орналасқан Nokia уәкілетті қызмет көрсету орнына
немесе дилеріне апарып, көмек сұраңыз. Өндіруші
мақұлдамаған аккумуляторды пайдалану қауіпті болуы
және құрылғыңыз бен оның жасауларының жұмысының
4.
4
Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар
нашарлауына және зақымдануына әкеп соғуы мүмкін.
Бұл сондай-ақ құрылғыға қолданылатын қандай да бір
рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін.
Nokia корпорациясының фирмалық аккумуляторлары
туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/
battery бетін қараңыз.
49
Жасаулар